Премьер-министр бүгін президентке есеп берді
Биыл Қазақстанда биыл 9 энергия блок, 55 қазандық және 51 турбина жөнделеді. Аталған мақсатқа 384 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған премьер-министр Олжас Бектенов мәлім еткен.
«Биыл 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны қамтиды. Аталған мақсатқа 384 миллиард теңге бөлінген», - деп хабарлайды Ақорда.
Жалпы, оның мәліметінше, үкімет былтыр бес жылу электр орталығын аса жоғары тәуекелдің «қызыл» аймағынан шығарса, үш жылу орталығын «жасыл» аймаққа ауыстырған.