$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2020, 13:44
Экономика

Медсақтандыру қорының 1 шілдедегі активтерінің қалдығы 361 млрд теңгеден асады

Оның 113 млрд теңгесін қарапайым жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салған

Медсақтандыру қорының 1 шілдедегі активтерінің қалдығы 361 млрд теңгеден асады
Фото: Батыржан Беспаев

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов журналистердің сұрағына жауап бере отырып, қордың активтері туралы айтты.

«2020 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша қордың активтері 251 млрд теңгеге тең болған. Бірінші жарты жылдықта 260 млрд теңге салым салынды. Оның 147 млрд теңгесін мемлекет сақтандыратын азаматтары үшін салған. Яғни, бұл алты айдағы барлық салымның 57%-на тең. Ал, 76 млрд теңгесін жұмысшылардың есебінен жұмыс берушілер, 37 млрд теңгесін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салды», - деді Төкежанов.

Ал, 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша қордың актвитер қалдығы 361 млрд теңгеден асқан.

Айта кетейік, Төкежанов брифинг кезінде керексіз шығындарды қысқартып, 1 млрд теңге үнемдегенін хабарлаған болатын.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары