МӘМС 1 млрд теңгеден астам шығындарды қысқартпақ

Оның ішінде пиарға бөлінген қаражат та бар

МӘМС 1 млрд теңгеден астам шығындарды қысқартпақ
Фото: ашық дерек көздерінен

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ауқымды өзгерістер басталады. Олар ішкі үдерістерді өзгертуге, штаттың құрылымын қайта қарауға, шығындардың бір бөлігін оңтайландыруға, әкімшілік шығыстарды азайтуға қатысты болмақ. Алдымен аса қажет емес шығындардан бас тарту жоспарлануда, соның ішінде пиар шығындарын қоса алғанда, 1 млрд теңгеден астам теңге үнемделеді, деп хабарлады қор басшылығы.

ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен Қордың штат саны қысқарады. Қазір бұл шара орталық аппарат деңгейінде қарастырылуда, кейінірек бұл жұмыс филиалдарда да жүргізілетін болады. Бұдан басқа, филиалдардың қызметі, өкілеттіктері мен жауапкершілігі айтарлықтай өзгереді. Бұл проблемаларды барынша егжей-тегжейлі және аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді. Тариф құру, бюджетті сатып алу және жоспарлау, медициналық көмек сапасын бақылау және «ақша пациенттің соңынан еріп жүреді» деген басты қағидатты сақтау туралы болып отыр.

«Денсаулық сақтау жүйесінде бірнеше жыл жұмыс істедім, бас дәрігерлермен тікелей байланыста болдым, сондықтан мен стационар мен емханалардағы барлық қиындықты іштен жақсы білемін және Денсаулық сақтау министрлігімен, аймақтық органдармен бірлесе отырып, оларды тез арада шешу жолдарын табуға ниеттімін», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.