«Энергия өндірісінің 62,1 пайызы осы бағытқа тиесілі»: Қазақстан әлі де тек көмір арқылы «жылынып» отыр

Автор: Бақыт Шынар

Жаңартылатын энергия көздері де тұрақты өсім көрсетіп келеді, дейді энергетика министрлігіндегі мамандар 

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда электр энергиясын өндірудегі көмір генерациясының үлесі жалпы электр энергиясы өндірісінің 62,1% тең, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрлігі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамыту туралы статистика ұсына келе осыны мәлім етті.

«Газ электр станцияларының үлесіне электр энергиясы өндірісінің 23,4% тиесілі. Ірі су электр станцияларының (шағын ГЭС-терді қоспағанда) үлесі 7,5%, ал, жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 7%», - деп хабарлайды энергетика министрлігі.

Бұл ретте, министрлік жаңартылатын энергия көздері де тұрақты өсім көрсетіп келе жатқанын атап өткен.