Қазақстанда 2030 жылға қарай ет өндірісі көлемін айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр

Автор: Бақыт Шынар

Елімізде ет өндірісі артпақ

Фото: pixabay.com

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аясында 2030 жылға қарай елдегі ет өндірісінің көлемін еселеп арттыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Жаңа стратегиялық жоспар бойынша мал шаруашылығын заманауи технологиялармен жабдықтау, асыл тұқымды мал басын көбейту және отандық өнімді жақын әрі алыс шетел нарықтарына экспорттау көлемін ұлғайту жұмыстары қолға алынады. Бұл бағытта мемлекет тарапынан фермерлерді субсидиялау және жеңілдікпен несие беру бағдарламалары жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 14 маусым күні Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан енді мал шаруашылығына басымық беретінін мәлім еткен еді.