Қазақстандық автоөндірушілер жарты жылда 3,7 млрд теңге салық төледі
Өткен жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 2,45 млрд теңге болған
«ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы салық төлемдері бойынша мәлімет берді. ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті берген мәлімет бойынша Қазақстандағы автомобиль техникаларын өндірушілер республика бюджетіне 3,69 млрд теңге салық төлеген. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың алты айындағы салық түсімімен салыстырғанда, 50,6% жоғары.
Бұл саладағы ең көп салық төлеуші кәсіпорын – «Азия Авто» зауыты. Кәсіпорын 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекет қазынасына 1,3 млрд теңге салық төлеген. Бұл көрсеткіш – елдегі барлық автоөндірушілер төлейтін салық көлемінің үштен бірінен де көп.
Одан кейінгі орындарда: «Сарыарқа Авто Өнеркәсіп» (911,4 млн тг), СемАЗ (560,8 млн тг), КАМАЗ-Инжиниринг (468,9 млн тг), Hyundai Trans Auto (220,1 млн тг), Hyundai Trans Kazakhstan (168,5 млн тг), Уральскагрореммаш (67,4 млн тг) және Daewoo Bus Kazakhstan (29,3 млн тг).
Алты айдың қорытындысы бойынша автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының салық түсімдерінің жалпы көлемі (бөлшек сауда және автомобиль жабдықтарына техникалық қызмет көрсету) 30,8 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% -ға аз.
Есептік кезеңде қазақстандық автоөндірушілер 25 259 мың бірлік техника сатқан.