ОПЕК+ мамырда мұнай өндіру лимитін тәулігіне 206 мың баррельге арттырып, әлемдік нарыққа маңызды белгі берді
ОПЕК+ елдері мамыр айында мұнай өндіру көлемінің шекті мөлшерін арттыруға келісті. Әңгіме тәулігіне шамамен 206 мың баррель туралы болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
БАҚ бұл қадамды Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай өндірісі мен экспортқа шектеу күшейген кезеңдегі ОПЕК+ ұйымының символикалық шешімі деп бағалап отыр.
Reuters бұған дейін ОПЕК+ елдерінің өндірісті ұлғайтуы әлемдік нарыққа мұнай өндіруді одан әрі арттыруға дайын екенінің белгісі екенін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ ОПЕК+ құрамындағы сегіз ел 5 сәуірде мұнай өндіру квоталарын ұлғайту туралы келісімге келуді жоспарлап отырғаны туралы жаздық.