Бұл ҚР Ұлттық банкінің елдегі экономикалық жағдайды ілгерілету үшін жасайтын әрекеті
Қазақстан 2020 жылдың соңына дейін қысқа мерзімде 1 трлн теңге тұратын мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, мұндай қадам инвесторларды тарту үшін де қажет.
«Қаржы министрлігімен бірлесіп 2020 жылы 1 жылдан 3 жылға дейінгі секторда және 2021-2022 жылдары 1 жылдан 5 жылға дейінгі секторда мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың соңына дейін тұрақты негізде 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қысқа мерзімді қағаздарды сату арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды сату кестесіне өзгеріс енгіземіз», - деп хабарлады Досаев.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан