13.03.2026, 14:39
Экономика
Былтыр Air Astana компаниясының таза пайдасы 35,9 млн долларға азайып қалған
Бірақ, компанияның жиынтық кірісі мен өзге де табыстары 11,4% өскен
Фото: компанияның баспасөз қызметі
2025 жылы Air Astana компаниясының таза пайдасы 35,9 млн долларға азайып, 13,6 млн долларға жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, компанияның жиынтық кірісі мен өзге де табыстары 11,4% өсіп, 1,45 млрд доллар болған.
«Ал таза пайдасы (барлық шығындар мен салықтар шегерілгеннен кейінгі нақты табыс) 35,9 млн долларға азайып, 13,6 млн долларды құрады. 2024 жылы бұл пайда 49,4 млн доллар болған», - деп жазылған компанияның есебінде.
Айта кетейік, Air Astana компаниясының әуе паркінде 62 ұшақ бар.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды