Ұлттық банк наурызда республикалық бюджет үшін 400-500 млн доллар сатпақ

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Ұлттық банк бүгін, 2 наурызда ресми түрде мәлімдеді

Фото: Ұлттық банк

Үкіметтің алдын ала болжамды өтініміне сай, Ұлттық банк наурыз айында республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін Ұлттық Банк Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатпақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында хабарланған.

Ал, ақпан айында Ұлттық қордан 400 млн доллар сатылған. Соның арқасында, теңге 1 АҚШ долларына шаққанда 497,69 теңгеге дейін нығайған.

«Ақпан айында Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларында валюта сатылды, бұл  өз кезегінде республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ы болды және күніне 20 млн АҚШ долларынан асқан жоқ», - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.