Төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін

Автор: Нұргүл Абай

Зауыт жылына 10 млн тонна мұнай өңдейді деп күтілуде

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, тұтыну көлемінің артуына байланысты елімізге жаңа мұнай өңдеу зауыты қажет.

«Қазір біз осы зауыттың құрылысына қатысты бірнеше нұсқаны талқылап жатырмыз. Зауыт Ұлытау облысында орналасуы мүмкін деген ықтимал бар. Сарапшылар қауымдастығы тиісті есептеулер жүргізіп жатыр, сондықтан техникалық мәліметтер, сипаттамалары мен нақты локациясы белгілі болғаннан кейін қосымша ақпарат береміз», - деді Тұтқышбаев Мәжіліс кулуарында.

«Жаңа МӨЗ қандай қаражатқа салынады?» деген сұраққа шенеунік «президент жобаны іске асыру үшін инвестиция тартуды тапсырғанын» еске салды.

Алдын ала болжам бойынша жаңа зауыт жылына 10 миллион тоннаға жуық мұнай өңдейді.