Қазір базалық мөлшерлеме 18 пайызды құрайды
Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер кестесін бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің ақпаратынша, келер жылы базалық ставка бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады.
«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», - делінген хабарламада.
2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
Естеріңізге салайық, 28 қарашада Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде қалдырды.