«Жүлде қоры – 35 млн теңге»: Қазақстанда әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр

Автор: Бақыт Шынар

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығында бірнеше номинация бар

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жалпы жүлде қоры 35 млн теңге болатын әдеби сыйлыққа өтініш қабылдау жалғасып жатыр. «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы биыл төртінші рет өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әдеби сыйлыққа отандық жазушылар қатыса алады, жас ерекшелігіне шектеу үшін. Жарыстың мынандай жеті номинациясы бар:

  • «Үздік проза»
  • «Үздік поэзия»
  • «Үздік драматургия»
  • «Үздік әдеби аударма»
  • «Үздік балалар әдебиеті»
  •  «Үздік әдеби сын»
  • «Үздік комикс»

Басты талап – әдеби сыйлыққа ұсынылатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болу керек.

«Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі. Өтінім 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады», - деп хабарлайды министрлік.