Әншінің анасы 12 құрсақ көтерген батыр ана
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасы Үміт апайға ерекше сый жасады. Әнші екі жыл бұрын алған «Құрмет» орденін анасына ресми түрде табыстап, аналық еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыз қол қойған «Құрмет» орденін сіздің кеудеңізге тағып кеткім келеді. Осы қара шаңырақта сақталсын. Мені туғаныңыз үшін рақмет. 12 баланы дүниеге әкелген құрметті анасыз. Біз сізбен мақтанамыз. Қара шаңырақта «Құрмет» ордені сақталсын», – деді әнші.
Өнер иесінің анасы да өз ризашылығын білдіріп, қуанышын жасыра алмады.
«Мақпалдай қызым барына қуанамын. Орден тақты. Моншақ тақты. Бәріне шүкір», – деді анасы Үміт апай.