$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Өзара келісіңіздер»: әлдекімдер Қыдырәлі мен Қарақатқа мемлекеттік атақты таңдап алу құқығын берген (ВИДЕО)

Бұл туралы әнші Қарақаттың өзі айтты

«Өзара келісіңіздер»: әлдекімдер Қыдырәлі мен Қарақатқа мемлекеттік атақты таңдап алу құқығын берген (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/kydyrali_bolman/

Күні кеше «Сырласу» бағдарламасына сұхбат берген Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина 11 жыл бұрын дәл осы атақты қалай алғанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист Әйгерім Сейфолла «Қыдырәлі Сіздің тасаңызда қалып жатқан сияқты көрінбей ме? Атақты да бірінші Сіз алдыңыз, дуэтте де Сіз басымсыз» деген мағынада сұрақ қойды. Оған жауап берген әнші тұрмыс құрғаннан бері жары Қыдырәлі Болманов оған бар жақсыны бірінші ұсынып келе жатқанын айтты. Ал, «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын аларда әлдекімдер әншілердің үйіне келіп, «бір отбасынан екі адамға бере алмаймыз, өздеріңіз келісіп, кім алатынын шешіңіздер» деген екен.  

«Осыдан 11 жыл бұрын «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағын берер кезде, «бір отбасынан бір адамға ғана марапат берілу керек» деп, «қайсысыңыз аласыздар, өздеріңіз шешіңіздер» деді. Бізде бір отбасынан екі адамға бірдей марапат бермейтін заң бар екен. Ол кезде мен төртінші ұлымды босанып, декреттік демалыста үйде отырғамын. Қыдырәліге «әрине, Сіз алыңыз, бұл талқыланбайды да. Сіздің алдыңызға шығып, марапат алу мен үшін қуанатын жағдай емес, керісінше жөнсіз шаруа» дедім. Содан құжаттарына қол қою үшін Қыдырәлі үйден шығып кетті», - деген Қарақат күйеуі үйге келгенде марапатты өз атына емес, Қарақаттың атына жаздырғанын айтып өтті.

Яғни, Қарақаттың айтуынша, Қыдырәлі Болманов үйге келгенде «Қарақат, марапатты сен алатын болдың» деген.

«Неге? Біз келістік емес пе!?» дедім. Сонда Қыдырәлі «ана жерде: «сонымен, кім алатын болды?» дегенде «мен аламын» деп айтуға аузым да, дәтім де бармады, сосын «Қарақатым алады» дедім» дейді. Жалпы, отбасы болғаннан бері өз жолын маған ұсынып, ән айтқанда да дауысы көрінетін жерлерін маған беріп, мені танытты. Продюсер ретінде оның үміті ақталды деп ойлаймын», - деді Қарақат.

Әншінің айтуынша, Қыдырәлі Болмановқа осыдан екі жыл бұрын әлдекімдер келіп үйіне сол «Еңбек сіңірген қайраткер» атағын беріп кеткен.

Ал жуырда Қарақат Әбілдина Ақордада «Парасат» орденін алған еді.

Серіктес жаңалықтары