$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Баламыз екпеден кейін ауруға шалдықты»: Қазақстандағы танымал актерлар отбасындағы таңғажайып туралы айтты (ВИДЕО)

Қазір балалары аурудан құлан таза айыққан 

«Баламыз екпеден кейін ауруға шалдықты»: Қазақстандағы танымал актерлар отбасындағы таңғажайып туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандағы танымал актер Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбаттарында 2 жастағы баласы екпе салдырғаннан кейін ауруға шалдыққанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сол кезде қатты қиналдық. Баламызға қарап отырып, не істерімізді білмей, абдырақ. Кейіннен Құдайдан баламды емдеп алатын қасиет сұрадым. Екеуміздің арамызда қалады деп өтіндім. Сіздерге күлкілі болуы мүмкін. Баламның ауруын тартып алайын деп, істеп те көрдім. Сол ойдан туған идея киноға айналды», - деді актер.

Оның айтуынша, кино ата-аналар тарапынан  қолдау тапқан.

«Кинода бала дертінен айығады. Өмірде де баламыз жазылды. Ол кезде жұбайымызбен бір-бірімізді түсінбей, кінәладық та. Оның дұрыс емес екенін кейін түсіндік. Маған өте қатты тиген бір жағдай болды. Жанаргүл мен балам ауруханада жатты. Оларға үнемі тамақ алып баратынмын. Сол кезде ауруханада өте көп бала ауырып жатқанын көру ауыр болды. Өте қорқынышты болды. Оның ішінде жазылатыны, жазылмайтыны бар», - дейді Жаныаманов.

Ал актердің жары, Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Жанаргүл Жаныаманова балаларына емделмейтін диагноз қойылғанын айтты.

«Бізге балаңыз жазылмайды деді. Ұзақ өмір сүрмейді деді. Бұл диагноз бойынша әлемде 3 пайыз адам тірі қалады деді. Біз гормон салдық. Ол кезде үште еді. Бала қатты толып кетті. Неше түрлі емшілерге де апардық. Барлық өңірді араладық. Кейін Марина Таргаковамен көп жұмыс істедім. Баламның ауруын қабылдап, санам кеңейгендей болды. Содан уақыт өте келе баламның жағдайы жақсарды», - дейді Жанаргүл.

Серіктес жаңалықтары