Төреғалидың қарындасы сүйінші жаңалығын айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол оқырмандарына алғыс айтты

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі екінші баласын дүниеге әкелгенін айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қош келдің өмірге, балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер», - деп жазды Дина Төреәлі.

Айта кетейік, Ернұр Мұсабаев пен Дина Төреәлінің Ерманби есімді ұлы бар.