«Қазақстанның халық әртісі» атағын кімдер алды

Аягөз Құрмаш

Марапат иелерінің қатарында бірқатар саланың өкілі бар

«Қазақстанның халық әртісі» атағын кімдер алды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Республика күні қарсаңында президент жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған еді. Олардың арасында біраз азамат Халықт әртісі атағына ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марапат алғандардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

«Қазақстанның еңбек ері» атағын:

- Академик Асқар Жұмаділдаев

- Мұғалім Гүлжанар Нұрпейісова

- Мұғалім Елмира Траисова

- Шахтер Георгий Прокоптар алды.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағынан:

- Ақын Темірхан Медетбек

- Ақын Исраил Сапарбай

- Жазушы Валерий Михаиловтар алды.

«Қазақстанның халық әртісі» атағын:

- Күйші Секен Тұрысбеков

- Әнші Майра Ілиясова

- Опера әншісі Майра Мұхамедқызы

- Опера әншісі Жәмила Баспақова

- Дирижер Абзал Мұхитдин

- Актер Кеңес Жұмабеков

- Актриса Лидия Кәденова

- Актриса Ольга Коржова

- Актриса Ирина Лесбак

- Актриса Рехангүл Махрипова

- Актриса Гүлжан Шынтемірлер алды.

«Мемлекеттік сыйлықты»:

- Ақын Светқали Нұржан

- Жазушы Құлбек Ергөбек

- Суретші Жанұзақ Мүсәпір

- Авторлық ұжым Әлібай мен Сәуле Балапановтар алды.

Мемлекеттік қызметкерлер ішінен: Мәжіліс депутаты Альберт Рауға «Барыстың» бірінші дәрежесі бұйырса, елші Нұрлан Онжановқа екінші дәрежелі, министр Тамара Дүйсеноваға, әкім Нұрлыбек Нәлібаевтарға үшінші дәрежелі «Барыс» берілді. Ал әкімдер Дархан Сатыбалды мен Ғабит Сыздықбековтер «Парасатты» кеуделеріне тақты.

Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.