«Қазақфильм»-нің креслосы: Азамат Сатыбалдының орнын уақытша Айдар Омаров басты
Айдар Омаров бұрын киностудияның вице-президенті болған
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының уақытша міндетін атқарушы болып Айдар Омаров тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты редакцияға мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқарады», - деп жазды баспасөз қызметі бізге берген жауабында.
Айдар Омаров бұрын киностудияның міндетін атқарушы болған. Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бірнеше күн бұрын киностудия президентінің лауазымын өз еркімен босатқан болатын.