Концерт 29 сәуір күні болады
Мәдениет және спорт министрлігінің «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында 29 сәуір күні әнші Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Онлайн концерт барысында қазақ эстрадасының белгілі әртістері Роза Рымбаева, Сағынай Абдуллин, Наджиб Вильданов, Ренат Гайсин, Жанар Дұғалова, Рүстем Нұржігіт, Диная, Әли Оқапов, Сырымтай Еңсепов тікелей эфирде Батырхан Шүкеновтің репертуарындағы әндерді орындайды», - дер жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жоба 23 наурызда басталды. Жоба аясында танымал қазақстандық өнер жұлдыздары мен Қазақконцерттің әртістері жанды дауыста және онлайн форматта өнер көрсетеді.