«Дос-Мұқасан» ансамбілінің мүшесі өмірден өтті
Хамит Санбаев 78 жасқа қараған шағында қайтыс болды

Қазақстандық эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі Хамит Санбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.
«Хамит Санбаев ұзақ уақытқа созылған сырқатынан кейін көз жұмды. Бәріміз үшін орны толмас ауыр қаза. Біз Хамитты ұмытпаймыз және ол үшін дұғада боламыз!», - деп жазды ұжымның арт-директоры Данияр Құсайынов.
Карантин режиміне байланысты марқұмды жерлеу рәсімі туған-туыстарының ортасында өтеді.
Хамит Санбаев 78 жасына қараған шағында дүниеден озды. «Дос-Мұқасан» тобы 1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының, қазіргі Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жанынан құрылған.
Хамит Санбаев 1967-1972 жылдары топтың құрамында өнер көрсеткен, саксафонда ойнаған.
Айта кетейік, топ атауы мүшелердің есімдерінің алғашқы буындарынан құралған - Досым, Мұрат, Камит (олар Хамит деп атайды) және Сани. «Дос-Мұқасан» атауын венгриялық құрылыс тобының қолбасшысы Янош Картош ұсынған.