Қытайдағы «Singer» байқауында өнер көрсеткен қазақ қызы көптің қошеметіне бөленді

Автор: Azattyq Rýhy

Өкінішке қарай, Рухия келесі кезеңге өте алмады

Фото: Instagram/rukhiya.baidukenova

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкен Қытайдағы «Singer» ән байқауының 8-кезеңінде өнер көрсетіп, көпшілікті таңдай қақтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рухия байқауда «All By Myself» әнін орындады.

Бұған дейін Рухияның алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түсетінін хабарлаған болатынбыз.. Бағалаушы барша көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша, жеңсе келесі кезеңге өтуі тиіс еді. Алайда қазақстандық әнші дауыс беру нәтижесінде қарсыласынан басым түсе алмады.

Десек те, байқаудың 8-кезеңі аяқталғаннан кейін, көптеген қытайлық көрермен Weibo әлеуметтік желісінде Рухияның талантына тамсанып жатыр. Тіпті кейбірі оны келесі кезеңге лайық деп бағалап, жас әншінің болашағына сәттілік тіледі.