Дәрігерлерге арналған муралды салуға 20 сағат кетті
Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, көмек көрсеткен
Елорда суретшілері медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған муралдың қалай салынғанын көрсетті. Дәрігерлердің суреті тұрғын үй кешенінің қасбетінде (Сарыарқа/Жангелдин) салынған. Үй медициналық университеттің қасында орналасқан.
«Мурал салудағы басты мақсат - дәрігерлерге алғыс білдіру! Қазіргі таңда олар коронавируспен күресіп жатыр. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкер - батыр. Мемлекет басшылығы дәрігерлерге қолдау көрсетіп жатыр. Біз де өз үлесімізді қосқымыз келді. Дәрігерлердің еңбегін қаншалықты бағалап, мақтан тұтатынымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардың құрметіне сурет салуды жөн көрдік. Екеуміз муралды екі күн ішінде салып бітірдік. Муралды салуға 20 сағат уақыт кетті. Шығармашылығымыз дәрігерлер мен қала тұрғындарына ұнайды деп үміттенеміз. Елорда әкімдігіне көрсетілген көмек үшін алғыс білдіреміз. Біз біргеміз», - деді суретшілер Али Закир мен Ержан Танаев.
Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті.