Димаш Джеки Чанға арнап домбыра тартты
Әнші әйгілі актерді туған күнімен құттықтады

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемге танымал актер Джеки Чанды туған күнімен құттықтай отырып, онымен алғаш кездескен сәті туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Димаш Instagram парақшасында актерді құттықтаған жазбасын жариялады.
Сондай-ақ, әнші Джеки Чан үшін домбыра тартып жатқан видеосымен де бөлісті.
Әнші атақты актермен алғаш кездескен сәті туралы айтады. Джеки Чан оны алғаш «I am singer» жобасын ән салған кезінде көріп, кездескісі келген екен.
«Есімде, үш жылдан астам уақыт бiрге жұмыс істеп келе жатқан Қытайдағы «BG Talent» продюсерлік агенттігінің агенті бірде «Джеки Чан сені «I am singer» жобасында өнер көрсеткеніңді көріп сені кездесуге шақырды» деді. Кішкентай кезімнен осы керемет адамның фильмдерін жақсы көріп өстім, сондықтан қатты толқып кеттім, осыдан кейін де біз әр түрлі телебағдарламалар мен концерттерде кездесiп келемiз, бірақ мен әлі күнге дейін адамгершілігі мен қарапайымдылығына таң қаламын», - дейді әнші.
Сөзінің соңында ол Майкл Джексон, Джеки Чан, Бочелли, Паваротти сияқты жұлдыздар – шын мәнінде, әртіс өзін қалай ұстау керек екенін көрсеткен жұлдыздар деп атап өтеді.