Димаш Құдайберген америкалықтарға қазақ ұлттық музыка аспаптарын таныстырды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жариялады

Видеодан кадр

Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген дыбыс жазу студиясының қызметкерлерін қазақтың ұлттық аспаптарының үнін таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әнші Instagram желіінде жариялаған видеосынан қобыздың түрлері туралы айтып жатқанын көруге болады. Сол сәтте экраннан белгілі қобызшы Олжас Құрманбектің орындауы көрсетіледі.

«Америкалық әріптестерге бірлескен жобаларда пайдаланылатын дәстүрлі музыкалық аспаптарымызды таныстырып жатырмын», - деп жазды әнші.