$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 16:28
Мәдениет

Абылай хан бейнесіндегі ғимаратқа халықтан ақша жинаймыз – Арман Шораев

Жобаға шамамен $5-7 миллион қажет

Абылай хан бейнесіндегі ғимаратқа халықтан ақша жинаймыз – Арман Шораев

Бүгін Нұр-Сұлтанда үш жүздің басын біріктірген Абылай ханның алып монументін тұрғызу жайлы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Azattyh Ruhy тілшісі. Абылайхан монументінің эскиздік жобасы дайын. Оны сәулетші  —  Айдар Жамхан жасаған. Ал монументке қаражатты краудфандинг арқылы халықтан жинау көзделеді.

«Абылай ханның біздің егемендігіміздегі рөлін, тарихтағы орнын білесіздер. Үлкен шайқастардың алдында елімізді біріктіріп, қазақ тайпаларының басын қосып, жоңғарларды артқа шегіндіруге ең көп үлес қосқан бабамыз. Бүкіл халық болып осы монументті қоюды жөн көрдік. Ал жобаға  $5-7 миллион қажет және ол қаражатты асарлатып, халық болып, кәсіпкер жігіттер болып жинаймыз»,-деді Арман Шораев.

Абылайхан бейнесіндегі ғимарат Ақмола облысына қарасты, Кенесары ауылынан бір шақырым жердегі жотаның үстіне салынады. 

«Біреулер бабамыздың бейнесіндегі ғимаратты Ұлытауда, енді біреулер Алматы мен Семейде қоюды ұсынды. Ойлана келе, біз Абылайхан өз ордасын тіккен Бурабай мен Көкшетаудың арасындағы Кенесары деген ауылдың жанынан саламыз деп шештік. Ескерткіштің іргетасы ретінде пайдаланылатын ғимаратта мұражай экспозициясы, конференц-зал, көрме залы және тағы басқалары орнатылады. Көкшетау Абылайханның есімі ғана емес. Онда Біржан сал, Ақан сері, Шоқан бабамыз бар. Мұндай жобалар республиканың барлық жерінде болуы тиіс, осы арқылы ішкі туризмді дамыта аламыз»,-деді ол.

Абылайхан бейнесіндегі ғимаратты жасайтын маманды халықаралық конкурс арқылы таңдайды.

«Монументті жасаушы адамға қойылар талап қатал. Ғимаратты салатын жотаның үстіне шығып көргенімізде, ондағы жел секундына 30 метр жылдамдықмен соғып жатты. Қауіпсіздікке байланысты да ескерілуі тиіс дүниелер көп. Конкурс әділ өтеді. Үміткерді таңдаайтын комиссия мүшелерінің қатарына елім деген, ұлтшыл азаматтарды, тарихшыларды қосып отырмыз»,-деді ол. 

Айта кетейік, комиссия мүшелерінің қатарында М.Әшімбаев, М.Әуезов, Т.Жұртбай, Қ.Мыңбай, Д.Жолжақсынов, Б.Уәлиев, Т.Қажыбаев, М.Мансұров пен З.Кабульдинов бар. Монумент биіктігі 50 метрден кем болмайды деп жоспарланып отыр. Журналистер «бұл бастама Моңғолияда  Шыңғыс ханға арналған ескерткіштің көшірмесі емес пе?» деген сауал қойды.

«Сіз айтып отырған, Шыңғыс ханның монументіне $5 млн жұмсалды. Халық шамасы жеткенше берсе, қалғанын қазақтың елім, жерім деген ұлтшыл азаматтары көтеріп алады. Мен мұны бұған дейін қазақ  барысындағы тәжірбиемнен білемін. Ал мемлекет бізге тек жер мен инфрақұрылым жағынан қолдау көрсетсе болды. Бұл жобаны президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың өзі қолдап отыр. Алдағы үш жылда бабамыздың бейнесіндегі ғимарат салынып бітеді»,-деді Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті.

Шораев ғимаратқа жұмсалған қаржы өзін өзі толық ақтайды деп сенеді. 

«Бұл ЛРТ бюджетінің екі пайызы. Ол құрылған соң, ешқандай ақша қажет етпейді. Мұнда зиярат жасайтын өз бауырларымыз, шетелден келген туристер болады. Мен бұл жобаның сәтті болатынына сенімдімін. Қазір көп жастарымыз Абылай ханның кім екенін білмейді, бір шетінен бұл тарихты насихаттау»,-деді ол.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Абылай хан