«Астана» телеарнасы түркі халықтарының тарихынан сыр шертетін телехикаяны көрсетеді

Автор: Azattyq Rýhy

Түсірілім жұмыстарына 1 жыл уақыт кеткен

Түбі бір түркі халықтарына ортақ тарихи кезеңнен жеткен аңыз «ASTANA» телеарнасында жаңа маусымда көрерменге жол тартты!

Бұл телехикая түсірілімінің дайындығына 1 жылдай уақыт кетті. Әшекей бұйымдар жарты жыл бойы жасалды. Ерте заманға тән 5000-нан аса құрал әзірленді. Басты кейіпкерлерге 130-ға жуық костюм тігіліп, олардың көмекшілеріне 8 мыңдай киім дайындалды. Түсірілім үшін арнайы сол дәуірдің сәулеті бойынша сарай мен бақ салынды. Бұл – VIII ғасырда Орталық Азияны мекен еткен ежелгі түркі тайпаларының тарихынан сыр шертетін «Дастан» телехикаясы. Мұнда бәрі бар: хан сарайындағы текетірес, өзара қақтығыс, сезімдерді байлаған саясат, көкірекке тұнған кек, ерлік пен батырлық, татулық пен достық көрініс тапқан.

Телехикаяның басты рөлдерін Ebru Sahin (Аққыз), Edip Tepeli (Батуға), Selim Bayraktar (Алпағы хан) және Ipek Karapinar (Шолпан) сынды танымал әртістер сомдайды.

Ғасырлар қойнауынан жеткен аңыз дүйсенбіден сенбіге дейін 21:00-де «ASTANA» арнасынан көрсетілетін телехикаяда назарларыңызға ұсынылады!

Тегтер: