$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2022, 17:16
Мәдениет

Бүгін Димаштың концерті өтеді: Алматыға 70-ке жуық елден жанкүйерлер келген

Димаш Құдайбергеннің «СТРЕН-ДЖЕ» атты концерті бүгін кешкі сағат 20.00-де басталады

Бүгін Димаштың концерті өтеді: Алматыға 70-ке жуық елден жанкүйерлер келген

Димаштың концертін тамашалау үшін елімізге әлемнің 70-ке тарта елінен жанкүйерлері арнайы келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір Алматының орталық стадионында қызу дайындық жүріп жатыр. Димаш Құдайбергеннің «СТРЕН-ДЖЕ» атты концерті бүгін кешкі сағат 20.00-де басталады. Десе де, қазірдің өзінде стадионның алдына халық жинала бастаған. Әсіресе, фан-клубтар белсенді.

Вьетнамдық Май Фанды Димаштың нағыз жанкүйері десек болады. Жасы 28-де IT саласында инженер. Хошиминде тұрады. Димаштың концертінен қалып көрген емес. Бұл жолы да келуге уақыт тапуыпты. Соңғы бір жылда қазақ тілін әжептеуір меңгеріп алған. 

«Сәлеметсіз бе! Димаштың арқасында қазақ тілін үйреніп жүрміз. Димашты жақсы көремін», - дейді вьетнамдық жанкүйер Май Фан.

Сондай-ақ Перу, Индонезия, АҚШ-тан келген жанкүйерлер Димаш үшін әлемнің қай түкпіріне болса да баратынын айтып, Алматыдан алған әсерін бөлісті.

Димаш Құдайбергенді алматылықтар да көптен күтті. Бұл Димаштың Алатау бөктеріндегі қаладағы алғашқы жеке концерті.

«Димаштың өнеріне тәнті болған, маған өмірімде жаңа бір өмірдің қуанышын сыйлаған Димашымыздың талантын мақтаныш тұтам. Қазағымның маңдайына біткен алтын баламызға мың алғыс!» - дейді қала тұрғыны Үміт Төлендинова.

Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға 200-ден маман, 400 волонтер жұмылдырылған. Көрермендерді ультразаманауи, ауқымды және әсерлі шоу күтіп тұр.

Серіктес жаңалықтары