Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді - Мәдениет және спорт министрлігі

Azattyq Rýhy

23 наурызда бүкіл ел бойынша «Қайырымды Ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады

Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді - Мәдениет және спорт министрлігі
Фото: ашық дереккөзден

Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және спорт Вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Наурыз мейрамын мерекелеудің негізгі мақсаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды елдің жасампаз дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру болуға тиіс. Осыған сәйкес Наурызды мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. Мереке күндеріндегі Медиаконтент кең көрермен үшін қызықты танымдық, зияткерлік іс-шаралардың мазмұндық бөлігін қамтуға бағытталуы тиіс. Жалпыұлттық ауқымдағы негізгі іс-шаралар 21 наурызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқын құттықтауынан бастау алады»,-деді вице-министр. 

Наурыз тазалық пен экологияға қамқорлық мерекесі. Бұл әлеуетті ауқымды экологиялық акциялар мен жалпы өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу үшін пайдалану қажет, деді Нұрғиса Дәуешов. 

«Наурыз - тату көршілік пен жергілікті қауымдастықтардың мерекесі. Бұл тұжырымдаманы аулаларда, қоғамдастықтарда, отбасыларда тойлауды оқшаулап, қазіргі әлемнің урбанистік жағдайларына бейімдеу ұсынылады. Осы күні  бүкіл ел бойынша жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат» республикалық акциясы басталады. Сонымен бір мезгілде бүкіл ел бойынша әлеуметтік желілерде «Әр отбасынан бір ағаш» челленджін өткізу ұсынылады. Ағаш отырғызу ауа райының жағдайына қарай жүргізіледі, аол қолайлы жылы күндер кейінірек келетін аймақтарда акцияны да кейінірек ұйымдастыруға жол беріледі. 

Волонтерлік, қайырымдылық және ерікті ұйымдар арқылы Асар дәстүрін жаңғырта отырып, «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясын іске қосу ұсынылады. Отбасыларда, білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында «Наурыз кәдесі», «Наурыз қоржын» (ұлттық нақыштағы ойыншықтар) сыйлықтарын тарту ету дәстүрін енгізе отырып, балалар аудиториясына акцент жасау көзделіп отыр»,-деді вице-министр. 

Сондай-ақ, 23 наурызда бүкіл ел бойынша «Қайырымды Ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, оның аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі концерттерді өткізу қарастырылуда. Акцияға еріктілер, мәдениет өкілдері, меценаттар тартылады.

Осы секілді  Наурыз мейрамын мерекелеу күндері елімізде ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ұйымдастыруымен 15 ғылыми-тәжірибелік конференция мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.