ШұғылЕлімізде бір тәулікте 36 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Иманбек пен LP жаңа әнге түсірілген бейнеклипін ұсынды

Жаңа клип бір тәулікте 100 мыңға жуық қаралым жинады

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов пен америкалық әнші LP Fighter (Жауынгер) атты жаңа әнге түсірілген бейнеклипін жариялады.

LP (Лаура Перголицци) - әншілігінен бөлек Рианна, Кристина Агилера, Рита Ора, Backstreet Boys, Шер, Джо Уолш, Cher Lloyd, Элла Хендерсон, The Veronicas сияқты жеке орындаушылар мен музыкалық топтарға ән жазған.

Әншінің нақты қай жылы дүниеге келгені белгісіз. Кейбір дереккөздерде 1968 жылдың 18 наурызында дүниеге келгені айтылса, бірінде 1981 жылы туған деген мәлімет бар.

Иманбек Зейкенов 2020 жылы Saint Jhn есімді атақты рэпердің «Roses» атты әніне ремикс жасап әлемге танылды. Тіпті, сол ремикі үшін Grammy жүлдесін жеңіп алды.

Иманбек – Grammy сыйлығын жеңіп алған алғашқы қазақстандық. Оның ремикс-туындысы YouTube желісінде 160 миллион рет қаралған, 20 аптадан аса уақыт бойы Billboard Hot 100 чартында үздік 10-дықта тұрды.