$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2021, 00:17
Мәдениет

QaraFest: Қазақстанда деректі фильмдердің фестивалі өтеді

Фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетіледі

QaraFest: Қазақстанда деректі фильмдердің фестивалі өтеді

23-28 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» кинотеатрында QaraFest фестивалінің фильмдері көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль – qarafilmfest.kz алаңында 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді.

QaraFest бағдарламасында Чили, Түркия, Швеция, Германия, Норвегия, Финляндия, Грузия, Бельгия, АҚШ және Румыниядан 10 туынды бар. Барлық фильмдер түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс субтитрлерімен көрсетіледі.
Көрсетілімдер Сорос-Қазақстан қорының және Нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.

QaraFest - авторлық деректі фильмдер фестивалі. Көзбен көруге, көңілге түюге, зерттеуге, таным көкжиегінде зерделеп, тың болмысты тануға мүмкіндік беретін фестиваль. 2020 жылғы қиын кезеңде туып, әлемдік шектеулерге қарамастан, былтыр 2200-ден астам көрерменге Қазақстанның 8 үздік деректі туындысын ұсынды.

Биыл QaraFest халықаралық фестивалі аясында көрсетілетін фильмдер тірі тіршіліктің, қас-қағым сәттің, кадрдағы шынайы өмірдің куәгері болуға шақырады, шығармашылық ләззат алып қана қоймай, бүгінгі шынайы болмысты жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді.

Фильм бағдарламасы – бұрын-соңды көзге таныс болмаған, әйтсе де шынайы өмірді бейнелейтін өзге тағдырды, өзгеше кейіпкерлерді қамтиды.

 

Серіктес жаңалықтары