«15 тәулікке қамау керек»: Тоқаев вандализм туралы

Қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм жайлы

«15 тәулікке қамау керек»: Тоқаев вандализм туралы
Фото: Rustam Zerilov

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Президент әкімшілігі мен Үкіметтің басшылық құрамы да қатысты.

Президент жиын барысында қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталды.

«Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек», – деді Президент.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.