ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Алматыдағы аграрлық университетке Әлихан Бөкейханның есімі беріле ме – вице-премьердің жауабы

Биыл Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына ұлт қайраткерінің есімі берілді

фото: kz.testing.kz

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Әлихан Бөкейханның есімін беру заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы ҚР Ауыл шарушылығы министрлігіне қарасты Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтына Ә.Бөкейханның есімі берілді. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Ә.Бөкейханның есімін беру мәселесі заңнамада белгілінген тәртіппен қаралады», - делінген Ералы Тоғжановтың жауабында.

Вице-премьердің атап өтуінше, Әлихан Бөкейханның есімі Қарағанды облысында ерекше ұлықталып келеді. 1998 жылы Ақтоғай ауданында «Үш арыс» (Ә.Бөкейхан, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков) ескерткіші орнатылды. Қазіргі таңда ескерткіш тұрған жер «Алаш» алаңы деп аталады. 2013 жылы Ә.Бөкейханның туған жері − Ақтоғай ауданында, Жекежал қыстауының орны топырақтан аршылып, іргетасы ретке келтірілді. 2016 жылы Ақтоғайдағы Ә.Бөкейхан атындағы мектеп алдында оған арналған бюст қойылды. 2019 жылы Қарқаралы қаласында Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Әлімхан Ермековке арналған ескерткіш орнатылды.

«Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойы қарсаңында биыл Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына ұлт қайраткерінің есімі берілді. Жалпы өңірде Ә.Бөкейханның есімі 11 көше, 4 мектепке тіркелген. Шымкент қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында Ә. Бөкейханның есімі көшелер мен мектептерге берілген, - деді вице-премьер.