ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

«Керемет жаңалығым бар»: Димаш Құдайберген тыңдарманына құлаққағыс жасады

Әншінің жаңа бейнебаяны көрерменге жол тартады

Фото: dimashnews.com

Танымал әнші Димаш Құдайберген тыңдарманына жаңалығы барын айтты. Әншінің айтуынша, таяу арада оның «Be with me» әніне арналған жаңа музыкалық бейнебаяны көрерменге жол тартады.

«Сәлем, Dears. Сіздер үшін осы бір бейнені түсірейін деп шештім, себебі керемет жаңалығым бар. Ертең менің ресми YouTube каналымда «Be with me» әніне арналған жаңа музыкалық бейнебаянымның тұсаукесері болады. Сіздерге ұнайды деп сенемін. Ертең жолыққанша! Сіздерді қатты сағындым, жақсы көремін. Беттеріңізден қайта-қайта сүйдім! Кездескенше», - деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.

Саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің айтуынша, Димаштың әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.