Самал Еслямоваға үздік актриса марапаты тапсырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ресейлік «Ника» кинематографистер жүлдесінің иегерлері марапатталды

Самал Еслямова, фото: bnews.kz

Қазақстандық Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы ең үздік актрисасы атанды.

«Ника» ресейлік кинематографистер жүлдесінің үздік әйел рөлі үшін «Айка» фильмі үшін Самал Еслямова мен «Дылда» картинасы үшін Виктория Мирошниченко жеңіп алды.

2019 жылғы лауреаттарды марапаттау рәсімі былтыр пандемияға байланысты өтпей қалған еді, сол себепті ұйымдастырушылар жексенбі күнгі салтанатты рәсімде 2019 және 2020 жылғы жеңімпаздарды қатар марапаттады.

Оқи отырыңыз: «Айка» фильмінің режиссері тамаққа ақша жеткізе алмай жүр

Айта кетейік, С.Дворцевойдың қырғыздың эмигрант әйелі жайлы «Айка» кинокартинасында басты рөлді қазақ актрисасы Самал Еслямова сомдаған. Ол Канн фестивалінде «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алды. Фильм «Оскардың» шорт-листінде болды.