ШұғылCOVID-19: Өткен тәулікте 2,5 мың адамнан вирус анықталды

«Жаңа мен!»: Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының тизері жарияланды

Алдағы шығарылым жайлы әншінің өзі әлеуметтік желідегі жазбасында айтты

 

Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайберген «Be With Me» атты композициясына арналған жаңа бейнебаянының тизерін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.

Саунд-продюсер Ерлан Бекчуриннің айтуынша, әртістің әнін жазған кезде команда Майкл Джексон, Куинс Джонс және Стиви Уандер сияқты аты аңызға айналған орындаушылардың шығармашылығынан шабыт алған.

«Шығарылымның жанкүйерлерге ұнағаны соншалық, енді әсерлі әнге бейнебаян шығарыла ма деп сұраушылар көбейді. Міне, бүгін Димаш өзінің жаңа жұмысының тизерін қуана ұсынады, ол өз шығармашылығының жанкүйерлеріне тамаша көңіл күй сыйлайтынына уәде береді», - деп жазады dimashnews.com.

Музыкалық бейнені қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұратын, өз елінің де, шетелдің де танымал әртістерімен жүзден астам жұмыс атқарған украиналық клипмейкер Радислав Лукин түсірген.

Алдағы шығарылым жайлы әншінің өзі де Instagram-парақшасында жариялады.

«Құрметті достар! Мен Сіздермен жақында «Be with me» жаңа бейнебаянымның жарыққа шығатыны туралы жаңалықты бөліскеніме қуаныштымын! Жарқын эмоциялардың үйлесімі, драйв және басты кейіпкердің батылдығы – ерекше формат. Жаңа оқиға – Жаңа мен! Премьераны жіберіп алмау үшін менің барлық әлеуметтік желілерімдегі жаңалықтарды қадағалаңыздар», - деп жазды Димаш Құдайберген.