ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Айсұлтан Сейітов алғашқы толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады

Сценарий авторы – Абылай Нұрманбетов

фото: instagram.com/aisultan/

Америкалық 21 Savage секілді әлемге танымал рэперге, ресейлік Баста, Иван Дорн, L`One, Miyagi, Noize MC және Эндшпиль секілді әйгілі орындаушылардың клипін түсіруге атсалысқан қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмнің түсірілімін аяқтады.

«Бірнеше күн бұрын «ҚАШ» атты алғашқы фильмімнің түсірілімін аяқтадық. Осы іске атсалысқан азаматтардың бәріне алғыс айтамын. Жаңа туындыма қатысты әзірге егжей-тегжейлі ақпарат бере алмаймын, бірақ жақында бәрін білесіздер», - деп жазды жас режиссер.

«Қаш» деп аталатын жаңа кинотуындының сценарий авторы – Абылай Нұрманбетов. 

Еске сала кетейік, Айсұлтан Сейітовтің МЧТ деген атпен танымал отандық рэп-орындаушымен (шын есімі - Айдын Нұралин) бірлесіп түсірген «Неведомый мир» атты видеоклипі BooooooooomTV-ның «2020 жылдың үздік музыкалық видеосы» сыйлығын жеңіп алды.