«Жайнай беріңіздер»: Димаш қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Әртіс өз тілегін үш тілде жолдады

 
Фото: РИА Новости

Әнші Димаш Құдайберген қазақстандық әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Әртіс өз тілегін үш тілде жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Димаш қыз-келіншектер мен аналарға арнаған жылы лебізін Instagram-парақшасында жариялады.

«Қымбатты аналар, әпкелер, қарындастар! Гүл көктемнің көркем мерекесі – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Нәзік гүлдей құлпырып, әсемдіктің жаршысы, өміріміздің көркі болып жайнай беріңіздер! Жанарларыңыз нұрға, жүректеріңіз шаттықты жырға тола бергей! Шаңырақтарыңызға құт қонып, ырыс, несібелеріңіз арта бергей! Бақытты болыңыздар!», - деп жазды әнші.