$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2021, 10:24
Мәдениет

Каскадер Жайдарбек Күнғожин: «Қазақ режиссерлері бір-біріне өлердей өш, мұндай кезде даму болмайды»

Ол Қазақстанның кино саласындағы проблемалар туралы айтты

Қазақстандық каскадер Жайдарбек Күнғожинді АҚШ кинематоргафистері «Таурус» сыйлығына лайық деп тапты. Бұл кинокартинадағы каскадерлік шеберлігі үшін берілетін «Оскар сыйлығы». Сыйлық өз тарихында шетелдік фильмдерге қатысты 20 рет қана табысталған. Соның бірі қазақ киносының мақтанышы, Nomad Stunts командасының негізін қалаушы Ж.Күнғожинге табысталды. Ол бұл жүлдеге Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміндегі еңбектері үшін қол жеткізген. Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» жүлдесін ТМД-да бұған дейін ресейлік мамандар алған.

Azattyq Ruhy тілшісіне арнайы сұқбат берген қазақ каскадерлік өнерінің шебері саланың негізгі пробелмаларына тоқталды. Каскадерлерді сақтандыру, олардың шеберлігін шыңдау, жас мамандар тәрбиелеудегі мәселелерді қозғады. Қазақ шеберлерінің шетелдегі жалақысы, Хэллоуин кешінде өнер көрсетемін деп мерт болған Қасым Жұмағожин туралы пікір білдірді.

Сондай-ақ, трюк шебері отандық кино саласындағы жемқорлық, киногерлердің бір-бірімен текетіресі туралы әңгімелейді. Ол кинематографиядағы ең сұранысқа ие кәсіптің өкілі ретінде режиссерлердің бәрімен тату-тәтті қарым-қатынаста екенін жасырмайды. Бірақ бар арманы қазақ кино мамандарының ынтымағын жарастыру екенін айтады. Ол қазақ режиссерлері бір-біріне өлердей өш, мұндай кезде даму болмайды деп отыр. Каскадер «Кино туралы» заң тезірек қабылданып, сала мамандарының жұмысын реттеу қажеттігін алға тартады.  

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары