ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

«Тақиялы періште» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған актер өмірден озды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Смағұлұлы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі – «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін үлкен шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартиналарға түсіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

Бүгін «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков 85 жасында өмірден озды.

Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» (режиссері Шәкен Айманов) кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Бұдан бөлек, «Көгілдір такси», «Қан мен тер» секілді оннан аса кинофильмге түскен.