22.11.2019, 13:28
Мәдениет
Қазақстандық режиссер «Азия Оскарын» жеңіп алды
XIII Asia Pacific Screen Awards киножүлдесіне үміткер 289 фильм ұсынылған
Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов XIII Asia Pacific Screen Awards (APSA) киножүлдесінің «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.
«Азия Оскары» қазақстандық режиссерге 21 қарашада Австралияның Брисбен қаласында өткен марапаттау рәсімінде «Қара адам» («Черный, черный человек») фильмі үшін берілді. Бұл номинация бойынша үміткерлер арасында филиппиндік Лав Диас, қытайлық Ван Сяошуай, палестиналық Элиа Сулейман және тайландтық Аноч Сувичакорнпонг болған еді. Бірақ қазақстандық Әділхан Ержановтың туындысы үздік деп танылды.
APSA жүлдесі үшін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерден 289 кинотуынды ұсынылған. Соның 37 фильм мәртебелі жүлделерге ие болды.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 23:42
Қызылордада хоккей жаттықтырушысы шәкіртін екі жыл бойы қорқытып, зорлап келген (ВИДЕО)
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)