Қазақстанда Қасым хан туралы фильм түсіріле бастайды
Фильмді түсіру жұмыстарды 2021 жылы аяқталады

«Қазақфильм» киностудиясы Қасым хан туралы жаңа тарихи фильмнің түсірілімін бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақфильмнің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақын уақытта киностудия Қасым хан туралы толық метражды фильмнің жобасын жүзеге асырмақ. Тарихи фильмнің режиссері Ақан Сатаев болады.
«Режиссер Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топты 1511-1521 жылдары Қазақ хандығын басқарған аты аңызға айналған ханның тарихи бейнесін жаңғыртуда көп жұмыс күтіп тұр. Дәл осы жылдары мемлекет Шығыс Дешті – Қыпшақтың ауқымды территориясына бақылау орнатты. «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі заң жасалып, шығарылды. Ол дәуірде қазақтар тәуелсіз этникалық қауымдастық ретінде біздің территориямыздан тыс жерлерде де танымал болды», - деп жазылған хабарламада.
Фильмді түсіру жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.