23.09.2020, 09:46
Мәдениет
Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті
Финал жеңімпазының есімі ертең белгілі болады
Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өтіп жатқан әйгілі America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті.
14 жастағы әнші Sia-ның «Alive» әнін орындады.
«Бұл өте күрделі композиция. Дайындыққа уақыт тығыз болғанына қарамастан, осы әнге тоқталдық. Маған қолдау білдірушілерге рахмет», - деді қазақстандық жас өнер жұлдызы.
Бүгіннен бастап финалда өнер көрсеткен жас орындаушыларға дауыс беру басталды. Дауыс нәтижесі 24 қыркүйекте белгілі болады.
Жалпы, финалған 10 әнші қатысты. Оның алтауы – әртүрлі жастағы жас орындаушылар. Айта кетейік, America’s Got Talent шоуының 15-ші маусымы осы жылдың мамыр айында басталды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)