ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалына шықты

Финал 22 қыркүйекте өтеді

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өтіп жатқан әйгілі America's Got Talent шоуының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Көрермендердің дауыс беру кезеңінде жерлесіміз көшбасшылардың қатарында болған.

«Данэлиямен сайысқа түскен өзге екі әнші де «Golden buzzer» (қазылар алқасының арнайы қолдауы) иегері болған. Алайда, көрермендер қазақстандық әншіге көбірек дауыс берді», - деп жазды Данэлия Тулешованың PR-директоры Татьяна Синенко өзінің Фейсбук парақшасында.  

America's Got Talent шоуының финалы 22 қыркүйекте өтеді. Оны NBC телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Мені осы күнге дейін қолдап келген әр адамға алғысымды айтамын. Осы апта шешуші апта болады, еңбектенемін, барымды саламын», - деді Данэлия Тулешова дауыс беру нәтижесі шыққаннан кейін.

Оның ақтық сында қандай ән айтатыны әзірге белгісіз. Жартылай финалда Тулешова «Who you are» композициясын орындаған болатын.