Қазақстандық фильм Швейцариядағы кинофестивальде марапатқа ие болды
«Өркениет тарихы» атты фильм «Күміс леопард» жүлдесіне ие болды
Қазақстандық фильм Швейцарияның Локарно қаласында болған кинофестивальде марапатқа ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына сілтеме жасап.
14 тамызда Локарно Халықаралық кинофестивалінің нәтижелері жарияланды. Биыл қазақстандық режиссер Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» атты фильмі «Күміс леопард» жүлдесіне ие болды.
2020 жылы Локарно, көптеген басқа кинофестивальдер сияқты пандемия жағдайына бейімделуге тырысты. Тамызда Швейцария билігі кинотеатрларды ашуға рұқсат беріп, көрермендер фестивальге таңдалған фильмдерді көре алғанмен, негізгі бағдарлама онлайн форматта өтті.
Сондай-ақ, толық метражды фильмдердің конкурстық бағдарламасын алып тастау және уақыты бойынша 59 минутқа дейінгі фильмдерді - Pardi di Domani (ертеңгі фильмдер) қатысуға шақыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, фестиваль жас кинематографистерге қолдау білдіргісі келді. Pardi di Domani-де 2200 фильм қаралды, оның ішінде конкурстық бағдарламаға 34 елден 43 жұмыс іріктелді.
Сонымен қатар «Ертеңнің ар күнгі фильмдері» бағдарламасы (The Films After Tomorrow) құрылды, мұнда пандемияға байланысты түсірілімді тоқтатуға мәжбүр болған толық метражды фильмдердің жобасы кірді.
«Өркениет тарихы» қысқаметражды фильмі өткен жылдың жазында Алматыда түсірілген. Басты рөлдерде композитор Ақмарал Зықаева (Mergen) ойнады, ол да фильмге музыка жазды және суретші Айдар Әлімбаев болды. Екеуінің бұл фильмдегі дебюті. Қоюшы-оператор португалиялық - Леандро Ферран.⠀