$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.08.2020, 12:16
Мәдениет

Абай мұрасын аударған 50-ден аса шетелдік маман «Достық» орденімен марапатталады – Рауан Кенжеханұлы

Үкімет қаулысымен Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып белгіленді

Абай мұрасын аударған 50-ден аса шетелдік маман «Достық» орденімен марапатталады – Рауан Кенжеханұлы
Фото: inform.kz

Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, оның шығармалары бұрынғыдан бөлек, әлемнің он тіліне қайта аударылды. Бұл туралы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын БҰҰ-ның алты ресми тілінен басқа, тағы төрт тілге аударуды тапсырған.

«Ұлттық аударма бюросы Абайдың 175 жылдығына орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биыл Абайдың шығармаларын әлемнің он тіліне аудару туралы бастама көтерді. БҰҰ-ның ресми алты тілінен басқа, Мемлекет басшысы өзі тағы төрт тіл қосты. Олар:  италия, неміс, түрік, жапон тілдері. Сонымен қатар, БҰҰ-ның ресми алты тілі, яғни, ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріне, барлығы он тілге аударылды», - деп хабарлады ол.

Рауан Кенжеханұлы атап өткендей, осы елдердегі кәсіби баспалардның шақыруымен Ұлттық аударма бюросының мамандары Абай шығармаларын тәржімалауды аяқтаған. Оның айтуынша, Абайдың мұрасы мемлекеттік деңгейде, осындай биік дәрежеде алғаш рет аударылып жатыр.

«Бұған дейінгі аудармалар кеңестік заманда болды, идеологоиялық шектеулер болды. Кейінгі аудармаларды ауқымды көлемде жасауға мүмкіндік болмады. Жалпы, әлемдік ұлылардың шығармалары басқа тілдерге заманына қарай қайта-қайта аударылып, жаңарып отырады», - дейді ол.

«Ұлттық аударма бюросы» хабарлағандай, аударма жұмысымен Мемлекет басшысы өзі танысқан және өзінің жарлығымен аудармаға қатысқан елуден астам шетелдік маманды (ғалымдар, ақындар, жазушылар, филологтар, баспагерлер және т.б. - авт.) «Достық» орденімен марапаттауды тапсырған.

«Орден алатын адамдардың аты-жөні жуырда белгілі болады, оны міндетті түрде жариялаймыз», - деді Кенжеханұлы.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары