Бүгін, 11:31
Мәдениет
Алтынбек Қоразбаев кіріп келеді - Ақорда салтанатты рәсімнің қызу дайындығын көрсетті (ВИДЕО)
Бүгін президент бірқатар тұлғаға мемлекеттік награда береді
Фото: Ақорда
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнінің қарсаңында Қазақстанның дамуына үлес қосқан әртүрлі тұлғаға мемлекеттік награда береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, Ақорда таңертең мемлекеттік награда алатын азаматтардың тізімін жария еткен еді.
Ал қазір президенттің баспасөз қызметі Ақорданың сол салтанатты жиынға қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, шағын видео және фотоматериалдар ұсынған.
Суреттің арасынан Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаевты көруге болады. Ол Ақорданың фотографына қол бұлғап, Ақордаға кіріп келеді.
Марапат алатын тұлғалардың арасында жұмысшы мамандар, ұстаздар және өнеркәсіпке еңбегі сіңген қайраткерлер бар.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды