42 500 теңгеден қағылған белгілі актер күнін көре алмай отырғанын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Еркен Губашев карантин кезінде мәдениет саласы қызметкерлері қатты жапа шеккенін жазды

Фото: ашық дерек көздерінен

Белгілі қазақстандық театр және кино актері Еркен Губашев карантин уақытында күнделікті өмірге ақша табу қиындап кеткенін айтып, елден кеңес сұрады. Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында жазды.

«Үнсіз қала алмаймын. Мен театр және кино актерімін. Сабақ беремін. Бірақ карантинге байланысты ақша табу мүмкіндігінен айырылдым. Әйелімнің мүгедектікке байланысты зейнетақысы болғандықтан, 42 500 теңге берілмейді. Маған да «отказ» келді. Оны алу үшін бір жаққа ақша аударуым керек екен. Бірақ қалай? Карантинде бәрінен көп зардап шеккен біз – мәдениет қызметкерлері. Енді үш баламды қалай асырарымды білмеймін. Кеңес беріңіздерші? Мемлекеттен үміт жоқ. Кез келген жұмысты істеуге дайынмын», - деп жазды актер.

Е. Губашев Ақан Сатаевтың «Бизнесмендер», Рашид Сүлейменовтің «Зеркала», Асқар Бисембиннің «Nauryz.kz», Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмдерінде ойнаған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан