Мұндай шапан тек менде және Николас Кейджде бар – Иван Ургант
Димаш Құдайберген «Вечерний Ургант» тележобасында Джеки Чанмен достығы жайында айтты
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген композитор Игорь Крутоймен және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотниковамен бірге «Вечерний Ургант» тележобасында қонақта болды.
Димаш тележоба жүргізушісі Иван Ургантқа шапан жауып құрмет көрсетті. «Бізде құрметті адамға шапан жабады. Мен осы сәтті пайдаланайын», - деді ол. Ал, ресейлік шоу-мен болса: «Мұндай шапан тек менде және Николас Кейджде бар», - деп әзілдеді.
Әңгіме барысында Димаш Құдайберген Урганттың сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің Джеки Чанмен достығы, өнер жолындағы оқиғалары мен жоспарлары туралы айтты.
Еске салайық, 2017 жылы шілдеде голливудтық танымал актер Николас Кейдж Қазақстанға келіп, оған жергілікті билік өкілдері шапан жапқан еді. Актердың шапандағы бейнесі интернет кеңістігінде келекеге айналды.