$ 502.57  591.68  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорданың барлық ауданында жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді

Бүгін Астанада эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер өтеді

Елорданың барлық ауданында жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді
Фото: www.gov.kz

31 желтоқсан күні Астананың алты ауданында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мерекелік концерттер сағат 12:00-ден бастап «Алматы» ауданының «Жерұйық» саябағында, «Теміржолшылар» тұрғын алабында, «Нұра» ауданының «Жағалау» скверінде және «Үркер» тұрғын алабында, сондай-ақ «Сарайшық» ауданының «Отау» және «Промышленный» тұрғын алаптарында болады.

Күндізгі жаңа жылдық бағдарлама сағат 14:00-ден бастап «Байқоңыр» ауданының «Ататүрік» саябағында, «Өндіріс» тұрғын алабында, Есіл ауданының «Бағыстан» тұрғын алабында және «Сарыарқа» ауданының «Қорғалжын» саябағында өтеді. Бұл мерекелік іс-шараға Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Оразымбетова, Айгүл Иманбаева, Зарина Омарова, Құрмаш Маханов, «Бәйтерек» триосы және басқа да әртістер қатысады.

Сондай-ақ, концерт алаңдарында Аяз ата мен Ақшақар өнер көрсетіп, балалар үшін аниматорлар интерактивті ойындар, конкурстар мен ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырады.

Айта кетейік, сағат 21:00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа жылдық концерттер үш негізгі алаңда өтеді. Олар,  «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаң, EXPO аумағы және әкімдік алдындағы қалалық алаң.

Кешкі концерттерде отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, сондай-ақ «Меломен», «Бәйтерек» топтары және басқа да әртістер өнер көрсетеді.

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта жаңа жылдық отшашу болады.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары